2023 жылғы 19 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне кезектен тыс сайлауы өтеді.
Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығындағы №301 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.
Сайлау учаскесі Мәскеу уақыты бойынша 07:00 – 20:00 аралығында жұмыс істейді. Сайлау учаскесінің мекенжайы: Қазан қаласы, Карл Маркс көшесі, 8 үй (ҚР Қазан қаласындағы Бас консулдығының ғимараты).
Сайлау учаскесіне келген кезде өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.