2022 жылдың 13 мамырында “Татар-информ” ақпарат агенттігінің кеңсесінде түркі киносы күндерінің ашылуына арналған баспасөз конференциясы өтті.
Салтанатты ашылу рәсіміне Татарстан Республикасының “Татаркино” мемлекеттік бюджеттік мәдениет мекемесінің директоры Миляуша Айтуғанова, Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов, Түркия Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Исмет Эрикан және Өзбекстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығының 1-хатшысы Камол Давронов қатысты.
«Кино әлемді түркі тілімен және біздің халықтарымыздың салт-дәстүрлерімен таныстырудың бір тәсілі бола алады. Біздің халықтарымыздың ана тілдерінің тағдыры – сіздердің қолдарыңызда» деп Миляуша Айтуғанова қонақтарды қарсы алып “Түркі киносы күндерінің маңыздылығы мен беделін” атап өтті.
Өз кезегінде қазақстандық дипломат Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Түркі киносы күндерін өткізудің символдық мәні бар екенін атап өтті. Екі республиканың кинематографистерінің достығы бұрыннан келе жатқан байланыстар мен Алматы мен Қазанда өтетін халықаралық Кинофестивальдер құрдас болып табылады. Көрсетілімге ұсынылған Фильмдер өз көрермендерін табады.
Түркі киносы күндерінің бағдарламасы Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Саха (Якутия), Хакасия және Татарстан Республикаларының үздік кинокартиналарын қамтыды. Бағдарламаның кейбір фильмдері бұған дейін Қазан халықаралық мұсылман кинофестивалінде марапаттарға ие болған.
Осы іс-шара аясында ү.ж. 13-18 мамыр аралығында Қазан кинотеатрларында фильмдер көрсетіледі.