Іс-шараға Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің делегациясы қатысуда.
Бұл сапар Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаевтың жақында өткен жұмыс сапарының және ҚР өкілдерін 2020 жылғы 8-11 желтоқсанда Уфа қаласында өтетін Халықаралық бизнес апталығына шақырған Башқұртстан Республикасының Басшысы Радий Хабировпен кездесуінің қисынды жалғасы болып саналады.
Аталған іс-шара шеңберінде қазақстандық делегацияның Башқұртстан Республикасының Премьер-Министрі Андрей Назаровпен кездесуі өтті. Ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша кең ауқымды мәселелері, оның ішінде Радий Хабировтың алдағы Қазақстанға арналған сапары кезінде ұсынылатын экономикалық және мәдени салалардағы жобалары талқыланды.
Андрей Назаров өзара іс-қимылдың әлеуеті әлі де таусылмағанын және бұл бағытта жақын арада Нұр-Сұлтанда Башқұртстан Республикасының Сауда өкілдігінің ашылуы ерекше өзекті болатындығын атап өтті. Сондай-ақ, Башқұртстан Үкіметінің басшысы білім беру саласындағы ынтымақтастықты арттыруға шақырды. Жақында Республика Еуразиялық ғылыми-білім беру орталығын дамыту үшін федералды қаржыландыру бөлінетіні белгілі болды. Аталған жоба шеңберінде жоғары оқу орындары арасындағы үлкен кампус салынуы жоспарлануда. Онда студенттерге, оның ішінде қазақстандық азаматтарға да қолайлы жағдайлар жасалынатын болады (барлығы Башқұртстанда 1000–ға жуық ҚР азаматы оқиды. Бұл ТМД ішіндегі ең жоғары көрсеткіш).
Сондай-ақ соңғы уақытта екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуде маңызды рөл атқаратын Құрметті консул институты барынша сұранысқа ие болып отырғаны аталып өтті. Ү.ж. наурыз айында Башқұртстандағы ҚР Құрметті консулы лауазымына Башқұртстан Республикасы Мемлекеттік Жиналыс – Құрылтайының депутаты Болат Асадуллиннің кандидатурасы қабылданған болатын.
Башқұртстан Республикасының сауда және қызмет министрі Алексей Гусевпен өткен кездесу барысында жаңа өнім жайғасымы есебінен өзара саудадағы тауар ассортиментін кеңейту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ логистика мен инфрақұрылымды дамытуға назар аударылып, оның дамуына Башқұртстан арқылы өтетін “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” көлік дәлізі өз әсерін тигізетіні айтылды.
Сауда және тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастықтың тағы бір перспективалы бағыттарының бірі “Халал” өнімдерін өндіру және сату болып табылады. “Халал” халықаралық стандартының сарапшы-аудиторы, жетекшісі Ильнұр Мұхаметзяновтың айтуынша “Халал” сапалы өнім өндірісінің жетіспеушілігі байқалуда. Ол болашақта Башқұрт мемлекеттік аграрлық университеті мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою идеясын айтты, және соның арқасында студенттер аталған салада жақсы оқу дағдыларына ие болатындығына үмітін артты.