Құрметті азаматтар!
2022 жиғы 5 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтеді.
Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары 2022 жылдың 5 маусымында Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығында #301 сайлау учаскісінде дауыс бере алады .
Сайлау учаскесі Мәскеу уақыты бойынша 07:00 – 20:00 аралығында жұмыс істейді. Сайлау учаскесінің мекенжайы: Қазан қаласы, Карл Маркс көшесі, 8 үй (Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығының ғимараты).