Қазан, 2023 жылғы 27 қазан – Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов “Шығыс базары” халықаралық ұлттық мәдениеттер фестивалінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Дипломат Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Дәурен Абаевтың атынан құттықтау сөзінде фестиваль 2023 жылы Татарстанның Раисі Рустам Миниханновтың жариялаған Ұлттық мәдениеттер мен дәстүрлер аясында өтіп жатқанын атап өтті. Қазақстан бауырлас Татарстанда болып жатқан барлық маңызды оқиғаларға үлкен көңіл бөледі және бүгінде қазақстандық ұжыммен ұсынылған.
Татарстан Батыс пен Шығыс өркениетін байланыстыратын әлемнің нағыз саяси, экономикалық және мәдени-білім беру орталығына айналды. “Шығыс базар” фестивалі “Азия Дауысы” Қазақстандық халықаралық музыкалық фестивалімен қатар түркі халықтарының қазіргі заманғы мәдениетін дамытуға өз үлесін қосатын және олардың арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал ететін маңызды халықаралық мәдени оқиға болмақ.
Фестивальдің ашылуында РТ Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мұхаметшин, РФ мемлекет және қоғам қайраткері Рамазан Абдулатипов, РФ Мемлекеттік Думасы ұлттар істері комитеті төрағасының бірінші орынбасары Ильдар Гильмутдинов, РТ татар мәдениеті қорының директоры Р. Вагапова, бас продюсер Рифат Фаттахов және т. б. сөз сөйледі.
Сонымен қатар, фестивальдің гала-концертінің соңғы күні “Айнакөл” фольклорлық-этнографиялық ансамблі мен Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының “Гәкку” би ансамблі аншлагпен өнер көрсетті.
Қазандағы Шығыс базары-25 мемлекеттің, Ресей Федерациясының 15 аймағының және 6 мыңға жуық келушілердің түркі және шығыс әлемінің орындаушыларының қатысуымен Ресейдегі жалғыз ірі музыкалық фестиваль.