2 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті.
ВАК бірқатар шешім қабылдады:
І. Мына азаматтар үшін Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізу: ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер, олардың отбасы мүшелері үшін; ҚР азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер үшін. Аталған санаттағы тұлғалар ҚР Мемлекеттік шекарасын 90 тәулікте 1 реттен артық кесіп өте алмайды (бұған дейін 30 тәулік болған).
II. Визасыз режим бойынша 57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұруды 2021 жылғы 1 мамырға дейін ұзарту. ҚХР мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың ҚР аумағында 72 сағат визасыз болуын тоқтата тұруды 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту.
IІІ. Түркиямен әуе рейстері бойынша 2020 жылғы 9 қарашадан бастап Түркиямен халықаралық әуе рейстерінің санын аптасына 33-тен 20-ға дейін қысқарту.