2023 жылғы 23 қарашада “Халықаралық бизнес апталығы”форумының жұмысына қатысу үшін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев басқаратын қазақстандық делегацияның Уфа қаласына жұмыс сапары өтті.
Қазақстан делегациясының құрамына Қазақстанның Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов, “KazakhExport “экспорттық сақтандыру компаниясы” АҚ РФ ҚҚҚ бойынша өңірлік директоры Ренат Қалиев, Қазақстанның Уфа қаласындағы Құрметті консулы Семен Пилюгин және басқа да ресми тұлғалар кірді.
Сапар аясында қазақстандық делегация Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировпен және Башқұртстан Республикасының Премьер-Министрі Андрей Назаровпен кездесулері, сондай-ақ Башқұртстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Кеңесі, «Ресей-Қазақстан. Аймақтық кооперациясының даму көкжиегі» сессиясы, «Халықаралық қоғамдастықтың көзімен» пленарлық отырысына қатысты.
Тараптар ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша кең ауқымды мәселелерді талқылады, сауда-экономикалық айналымның жақсы серпіні, өнеркәсіптік кооперация саласындағы бірлескен жобалардың табысты іске асырылуы және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту атап өтілді. Қорытындыларды шығару және екі республиканың ынтымақтастығының 57 бағытын “Жол картасына” енгізу үшін ағымдағы жылдың желтоқсан айында Башқұртстан делегациясының Астанаға жұмыс сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Бұдан басқа, РБ басқару орталығына, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпорындарға, білім беру мекемелеріне бару, Башқұртстанның инвесторларымен/ірі кәсіпорындарымен келіссөздер жүргізу және отандық машина жасау өнімдерінің жаңа түрлерімен және заманауи технологиялық шешімдермен танысу болды.
Уфадағы Халықаралық бизнес апталығы-3 мыңнан астам адамды біріктіретін жыл сайынғы экономикалық оқиға: билік өкілдері, бизнес-қауымдастықтар және әлемнің 20-дан астам елінің әртүрлі салаларындағы сарапшылар.