Қазіргі уақытта, инвесторлар үшін қолайлы жағдайларды жасау еліміздің инвестициялық саясаттың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Осылайша, Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің инвестициялық ахуалын жақсарту және инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша нысаналы жұмыс жүргізуде.
Бүгінгі күні, Үкіметтің белсенді шаралары халықаралық сарапшылардың тарапынан оң баға тапты.
Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі туралы Есебіне сәйкес, Қазақстан әлемнің 140 елінің арасында 42-орынға ие болды, өзінің жайғасымын 8-тармаққа жақсартып және ТМД елдері арасында (Әзірбайжаннан кейін) екінші орынға иеленді.
Дүниежүзілік банкінің Doing Business рейтингінде Қазақстан 41 орынды иелене отырып, өзінің жайғасымын 12 тармаққа жақсартты.
189 ел арасында Дүниежүзілік банк тобының Doing Business 2016 бойынша Қазақстан миноритарлық инвесторларды қорғау жөнінде 25-ші орынға және Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі рейтингі бойынша инвесторларды қорғау бойынша 25-ші орынға ие болды.
Осылайша, инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша мемлекеттік саясат халықаралық деңгейде оң баға алды. Бұл көрсеткіштердің жетістігі мемлекеттің қолайлы инвестициялық режимді құру бойынша жүргізіп жатқан осындай саясатының нәтижесінде мүмкін болды.
Біріншіден, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінде отандық және шетелдік инвесторлары инвестицияларының қауіпсіздігін және сақталуын қамтамасыз етуі жөнінде нормалары бекітілген.
Атап айтқанда, инвесторлар инвестицияларының қауіпсіздігі мен сақталуы Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыру кезінде инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, кiрiстердi пайдалану, инвестициялық дауларды шешу және инвестициялық преференциялар ұсыну арқылы инвесторлардың инвестициялық қызметтеріне мемлекеттік қолдау көрсету мемлекеттің міндеттемелерімен білдіріледі.
Аталған шаралардан бөлек, Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес Қазақстан Республикасының Салық заңнамасы мен шетелдік жұмыс күшін тарту саласындағы жұмыспен қамту туралы заңнаманы өзгерген кезде тұрақтылық қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, Инвестициялар саласында халықаралық құқықтық базаны жетілдіру шеңберінде, Қазақстан Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы 47 екіжақты және 1 көпжақты (ЕурАзЭҚ) Келісімдерге қол қойды.
Аталған Келісімдер шетелдегі қазақстандық инвестицияларын және біздің еліміздің аумағында шетелдік инвестицияларын көтермелеу және қорғау үшін қолайлы құқықтық жағдайлар жасайды. Аталған Келісімдердің ережелері әділ өтемақы және табыстарды аудару құқығын ұсынумен инвестициялар нәтижесінде алынған табыстарға экспроприация, мемлекет меншігіне алу болған жағдайларда инвесторлардың инвестицияларының қауіпсіздігіне кепілдіктер беру арқылы, өзара инвестициялардың толық сақталуын және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Үшіншіден, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар Кеңесі және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жанындағы Инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі кеңесі құрылған және нәтижелі жұмыс істеуде. Аталған интерактивті сұхбат алаңдары Қазақстанда инвестициялық қызмет барысында туындаған инвесторлардың проблемалық мәселелерін жедел шешу үшін бағытталған.
Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатындаИнвестициялық Омбудсмен институты құрылды. Бұл институт инвесторлардың ағымдағы проблемаларын соттан тыс және сотқа дейінгі шешу үшін инвесторлар мен мемлекеттің өзара әрекеттесу платформасы ретінде қызмет етеді.
Сондай-ақ ағымдағы жылы нақты жобалар бойынша мәселелерді шешуге арналған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жанындағы инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі Үкіметтік Кеңесі (Инвестициялық штаб) құрылды.
Ұқсас Кеңестер жергілікті деңгейде инвесторлардың мәселелерін шешу үшін әкімдер басшылығымен барлық өңірлерінде құрылды.
Сонымен қатар, инвесторларға қызмет көрсету және рұқсат беру мақсатында инвесторлар үшін “бір терезе” белсенді жұмыс істейді, Қазақстанның барлық аймақтарында ХҚКО-да инвесторларға қызмет көрсету секторлары ашылған, онда инвесторлар барлық қажетті ақпарат пен рұқсат беру құжаттарын (мемлекеттік қызмет) алуын болады. Бұл тетік құжаттарды жинақтау мен дайындауда инвесторлардың қатысуын барынша азайту және мемлекеттік органдардың олармен тікелей байланысын шектеуге бағытталған.
Төртіншіден, “Қазақстан – 2050” Стратегиясында Мемлекет басшысының Үкіметтің алдына әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жөнінде ұзақ мерзімді мақсат қойды. Сондай-ақ, қазіргі таңда Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) Инвестициялар комитетіне кіру жөнінде белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Сөйтіп, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ү.ж. ақпанда ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі 2016-2017 жылдарға арналған егжей-тегжейлі жоспар қабылданды.
Егжей-тегжейлі жоспарда миграциялық және визалық режимдерді, салықтық және кедендік әкімшілік етуді жақсарту, шетелдік жұмыс күшін тарту рәсімдерін және басқа да жетілдіру жөнінде шаралар қарастырылған.
Осылайша, инвестициялық ахуал мен заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс қол жеткізілген шараларға келіп тоқтамай, үнемі жақсарып тұрады. Біз мемлекеттің инвестициялық ахуалын бұдан әрі жақсарту үшін бәсекеге қабілетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін инвестициялық бизнес-ахуалды жақсарту саясатын жалғастыратын боламыз.
Инвестициялық ахуалды жетілдіру шеңберінде қабылданатын іс-шаралардың барлығы инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау және Қазақстанның өңірлік инвестициялық хабы ретінде қалыптасуы үшін енгізілуде.