Қазан, 2023 жылғы 27 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Вагапов атындағы ТР татар мәдениеті қоғамдық қорының директоры, РФ, ТР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Рифат Фаттахов мен кездесті.
Кездесуде ү.ж. 20-27 қазан аралығында Қазан қаласында өтетін «Восточный базар» халықаралық ұлттық мәдениеттер фестивалінің жұмысына қазақстандық ұжымдардың қатысуының ұйымдастырушылық мәселелері, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективалық жобалары талқыланды. Сонымен қатар, қазақ және татар ұлттық мәдениеттері мен өнерін дамыту мен ілгерілету ісіне үлес қосқан халық әртісі Ф.Сүлейманованы еске алу мәселесі көтерілді.
Тараптар халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізу түркі халықтарының қазіргі заманғы мәдениетін дамытуға зор үлес қосатынын және олардың арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал ететінін атап өтті