2020 жылғы қаңтар-наурыздағы Қазақстан Республикасының Ресеймен өзара саудасы $4 млрд. құрап, деп ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті хабарлайды.
2019 жылғы қаңтар-наурызмен салыстырғанда 2,4%-ға азайды.
Соның ішінде экспорт – $1 млрд. (12,9%-ға азайды), импорт – $3 млрд. (2,2%-ға өсті).
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына 19,3% келеді.