Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы
2023-08-24 11:00:00
2023 жылғы 4 шілдеде Қазақстан Республикасы 2023-2024 жылдары Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалықты қабылдап, Алматы қаласы аталған кезеңге ШЫҰ туристік және мәдени астанасы мәртебесін алды.
ШЫҰ-дағы Қазақстан Республикасының ағымдағы төрағалығының басымдықтары:
- ШЫҰ кеңістігінде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту;
- энергетикалық ынтымақтастықты нығайту;
- цифрлық саладағы ынтымақтастықты кеңейту;
- экология саласындағы өзара іс-қимылды нығайту;
- мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту.