Қазан, 30 мамыр 2024 жыл – Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығы «Авиатор» өнеркәсіптік технопаркінің қолдауымен «Қазақстан бизнес үшін» дөңгелек үстелін ұйымдастырды.
Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов, «Авиатор» технопаркінің негізін қалаушы, Төрағасы Марат Бикмуллин және Қазан Қалалық думасының депутаты Ильдус Янышев құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шараға қатысушылар кезекті дөңгелек үстелдің Қазақстан-Ресей қатынастары шеңберінде Қазақстан мен Татарстан арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың маңызды бағыттарын талқылауға арналған диалог алаңына айналғанын атап өтті. Іскерлік миссиялар мен көрмелер өңірлерде кәсіпорындардың арасында кооперациялық байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Қазақстандағы туристік әлеует, тартымды инвестициялық және іскерлік ахуал тұрақты болып қала береді және екі республиканың ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
Кездесуге өнеркәсіптік және инвестициялық мүмкіндіктер ұсынған Татарстан кәсіпорындарының басшылары қатысты.
Шараның қортындысы бойынша Қазақстанның инвестициялық әлеуеті туралы ақпарат жиналған қатысушылардың назарына ұсынылды.