2017 жылғы 25 наурызда Қазан қаласы ипподромының Хан ауласында көктем мерекесі – Наурыз мейрамын Татарстан астанасының қонақтары мен Қазан қаласының тұрғындары тамашалады.
Бас консулдықтың қолдауымен Татарстан Республикасы қазақтарының «Қазақстан» Ұлттық-мәдени автономиясы өзінің кішігірім үйін паш етіп, мейрам қонақтары қазақтың ұлттық тағамдары, бауырсақ, тәттілер және Наурыз-көжеден дәм татты. Қазан қаласының жоғарғы оқу орындарында білім алушы қазақстандық жастар концерттік номерлер көрсетіп, ұлттық әндер айтып, би биледі.
Мейрамдық іс-шара шеңберінде Татарстан Республикасындағы әзербайжан, ауған, башқұрт, қырғыз, тәжік және өзбек ұлтының ұлттық-мәдени автономиялары ұлттық тағамдары, үй-тұрмысы мен кәсіпшілік бұйымдарын көрсетілімге ұсынды.