Жеңіс күні қарсаңында Бас консул Еркін Тұқымов Қазан қаласындағы Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан Республикасының азаматы Бареев Шаукет Хусаинұлымен кездесті.
98 жастағы Шаукет Хусаинұлы бүкіл Ұлы Отан соғысын 1941 – 1945 ж. басынан өткерді.Оның артында белорус және украин майдандарындағы шайқас. Шаукет Хусаинұлы бұған дейін Бас командир Георгий Жуковтың шешуші шайқастардың біріне нұсқау бергендігі әлі де есінде.
Бас консул ардагерге және оның отбасына денсаулық, ашық аспан тіледі.
Атырауда өмір бойы қызмет еткет Шаукет Хусаинұлы Қазақстан мен Татарстан арасындағы қарым-қатынастың өркендеуін тіледі.