2022 жылғы 8 қарашада Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының дипломатиялық қатынастарының орнағанына 30 жыл толуына орай Қазақстанның Бас консулдығы, Сауда өкілдігі және “Kazakhexport” экспорттық-сақтандыру компаниясы өкілдерінің және Татарстанның іскер топтарының қатысуымен “Қазақстан бизнес үшін” дөңгелек үстелі өтті.
Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов, Татарстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары Марат Ахматов, кәсіпкер Марат Бикмулин Қазақстандағы ағымдағы экономикалық жағдай мен инвестициялық мүмкіндіктер туралы сөз сөйледі.
Тараптар Қазақстан-Ресей қатынастары шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Татарстан Республикасының ынтымақтастығын дамытудың маңыздылығы туралы пікір білдірді. Дөңгелек үстел өткізу екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуға дайындығын көрсетті.