АААТ СҰРАҚТАРЫ
Сұрақ: Мен Қазақстан азаматшасымын, Мәскеуде оқимын (жұмыс істеймін), менің жұбайым да ҚР азаматы. Жуырда ана боламын, бала Мәскеуде туылады. Туу туралы куәлігін қай жерден алсақ болады?
Жауап: Баланың Туу туралы куәлігін Сіз Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің Консулдық бөлімінде (Мәскеу қ. Чистопрудный бульвар, 3а) немесе Мәскеудегі тіркелу орны бойынша АХАЖ органдарында рәсімдеуге құқығыңыз бар.
ҚР Елшілігінің Консулдық бөлімі арқылы Туу туралы куәлігін рәсімдеу үшін ата-ананың бірі өтініш тапсыруға Консулдық бөлімге келуі тиіс. Өзімен бірге жеке куәлігін растайтын құжат (түпнұсқа), неке туралы куәлік (түпнұсқа) және перзентханадан туу туралы медициналық анықтама (түпнұсқа) болуы тиіс.
Сұрақ: Мен Қазақстан азаматшасымын, 3 ай бұрын менде бала туылды. Баланың туу туралы куәлігін ҚР Елшілігінде рәсімдей аламын ба?
Жауап: ҚР іс жүзіндегі заңнамасына сәйкес, шетелде жаңадан туылған баланың ата-анасы Консулдық бөлімге баланың туылуынан 2 айдан кешікпей келіп, туу туралы куәлігін ресімдеуі тиіс. Егер Сіз 2 айдан соң келсеңіз, Сіз баланың денсаулығы туралы анықтама, тіркелу орнының РФ АХАЖ-нан туу туралы актілік жазбаның жоқ екендігі туралы анықтаманы қосымша ұсынуыңыз қажет.
Сұрақ: Мен және келіншегім Ресейде оқимыз (жұмыс істейміз), некеге тұруға ниеттіміз, себебі келіншегім жүкті. Бала бір айдан соң туылады. ҚР Елшілігінде тездетіп некеге тұруымызға бола ма?
Жауап: ҚР іс жүзіндегі заңнамасына сәйкес, некелік құқықтық қабылеттік туралы анықтама және дәрігерлік-біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы болған жағдайда, неке 1 күннің ішінде тіркелуі мүмкін.
НОТАРИАТ ЖӘНЕ ЗАҢДАСТЫРУ СҰРАҚТАРЫ
Сұрақ: Консулдық бөлімде Қазақстандағы тұрғын үйімді сатуға сенімхат рәсімдей аламын ба?
Жауап: ҚР іс жүзіндегі заңнамасына сәйкес, Консулдық бөлім тұрғын үймен байланысты нотариалдық келісім-шарттарды куәланыра алмайды.
Сұрақ: Егер Уганда СІМ заңдастырмаған болса, Угандадан құжаттарды (сотталмағандық туралы анықтама) заңдастыра аламын ба?
Жауап: Уганданың Мәскеу қаласындағы Елшілігінен заңдастыру мөрі болған жағдайда, Сіз Консулдық бөлімге аталған құжатты заңдастыру мәселесі бойынша жүгіне аласыз.
ҚР АЗАМАТТЫҒЫНАН ШЫҒУ ЖӘНЕ ҚР АЗАМАТТЫҒЫН ЖОҒАЛТУ СҰРАҚТАРЫ
Сұрақ: Сотталмағандық туралы анықтама ҚР азаматтығынан шығуға өтініш тапсыру барысында міндетті болып табыла ма? Оны қалай алуға болады?
Жауап: Иә, арыз берушілер үшін 14 жастан бастап сотталмағандық туралы анықтама міндетті болып табылады. Анықтаманы бірнеше жолмен алуға болады: ҚР шетелдік мекемесінен (http://www.kazembassy.ru/rus/konsulstvo/istrebovanie_dokumentov/), немесе нотариалдық куәланған сенімхат бойынша Қазақстандағы сенімді тұлға арқылы сұратып алу
Сұрақ: Біз: мен, жұбайым және 2 балам ҚР азаматтығынан шығу рәсіміне құжаттар жина жатырмыз. Балаларға жеке құжаттар топтамасын ұсыну қажет пе? Кәмелеттік жасқа толмаған отбасы мүшелеріне сотталмағандық туралы анықтама талап етіле ме?
Жауап: Арызданушы отбасының әр мүшесіне жеке құжаттар топтамасы тапсырылады. 14 жастан бастап сотталмағандық туралы анықтама рәсімделеді.
Сұрақ: ҚР азаматтығынан шығу мәселесі бойынша арыздарды қарастыру мерзімі қандай? Нәтижесі туралы қалай білуге болады?
Жауап: ҚР іс жүзіндегі заңнамасына сәйкес, арызды қарастыру мерзімі 6 айдан аспауы тиіс. Тиісті Жарлықтың шығуы туралы ақпарат Консулдық бөлімге түсуіне қарай, Сізге бөлім қызметкері уақытылы хабарлайды.
Сұрақ: Азаматтықтан шығу бойынша сауалнаманың 14-тармағында атам және әжемнің мәліметтері талап етіледі, бірақ олар ертеректе қайтыс болған. Олардың қайтыс болуы туралы куәлікті тапсыру қажет пе? Ал егер, нағашы атам мен әжем туралы мәлеметтер жоқ болса, қайтемін?
Жауап: Сіз ата-әжеңіздің аты-жөні, туу жылы және қайтыс болу жылын көрсетуіңіз тиіс, қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесін ұсыну талап етілмейді. Егер Сізде оларға қатысты ақпарат болмаса, бұл туралы сауалнамада атап өтіңіз.
Сұрақ: Мен ҚР азаматтығынан шығуға құжаттар тапсырдым, ҚР Президентінің Жарлығын күтудемін. ҚР паспорты жыртылып қалса, Жарлық шыққанша оны ауыстыра аламын ба?
Жауап: Иә, ҚР Президентінің тиісті Жарлығы шыққанша, Сіз ҚР паспортын рәсімдей аласыз. Егер азаматтықтан шығу туралы ҚР Президентінің Жарлығына қол қойылған соң жүгінсеңіз, ресейлік паспортты рәсімдемегеніңізге қарамастан, Сізден құжаттар қабылданбайды.
Сұрақ: ҚР Президентінің Жарлығы шықаннан бастап қандай мерзімнің ішінде паспортты тапсыру қажет?
Жауап: ҚР азаматының паспортын 30 күнтізбелік күн ішінде тапсыру қажет.
Сұрақ: ҚР азаматтығынан шығу жөніндегі тізімде көрсетілген шетелдік азаматтықты алу мүмкіндігін растайтын құжат қалай аталады? Қай жерде оны алуға болады?
Жауап: ҚР азаматтығынан шығуға өтініш тапсыру үшін Ресей ІІМ көші-қон мәселелері жөніндегі территориалдық орган беретін «РФ азаматтығына қабылдау мүмкіндігі туралы хабарлама» ұсыну қажет.
Сұрақ: Мен ҚР азаматтығынан нотараиалдық бас тартуды Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіне пошта арқылы жолдадым. Аталған құжатты жолдаудан соң ҚР азаматтығы жойыла ма?
Жауап: ҚР азаматтығын тоқтату негіздері 1991 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңның 19-бабында көрсетілген. «ҚР азаматтығынан бас тарту» рәсімі ҚР іс жүзіндегі заңнамасында қарастырылмаған.
Сұрақ: Мен РФ азаматтығын алдым. ҚР азаматының паспорты менде қалды. Парпортты пошта арқылы жіберсем бола ма, әл де Консулдыққа жеке баруым қажет пе?
Жауап: Қазақстан Республикасы Елшілігінің Консулдық бөлімі азаматтық мәселелері бойынша өтініштерді пошта арқылы рәсімдемейді. ҚР азаматтығын жоғалту рәсімі жөніндегі құжаттардың толық топтамасын азаматтың жеке өзі немесе нотариалдық рәсімделген сенімхат бойынша сенімді тұлға арқылы тапсыру қажет – http://kazembassy.ru/rus/konsulstvo/novosti_konsulstvo/?cid=0&rid=1639.
Сұрақ: Барлық отбасы мүшелеріне Қазақстан азаматтығын жоғалту туралы бір анықтама алуға бола ма?
Жауап: Анықтама әр азаматқа жеке рәсімделеді.
Сұрақ: Қабылдауға жазылу үшін сауалнаманы толық толтырдым, бірақ уақыты мен датасын таңдай алмай отырмын. Не істеуім қажет?
Жауап: Егер уақыт және дата терезесі активті емес болса, бұл күнге жаззылу аяқталды/брондалып қойған деген сөз. Сізге алдын ала жазылу күні үшін келесі бос уақытт таңдау қажет.
Сұрақ: Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту тіркелген соң зейнетақы қорланымымды ала аламын ба?
Жауап: Зейнетақы төлемдері мәселелері Қазақстан Республикасы Елішілігінің Консулдық бөлім құзыретіне жатпайды. Сіз зейнетақы қорын жүгінуіңіз тиіс.
Сұрақ: Егер менде Қазақстаннан Ресейге тұрақты тұру орнына шығу туралы белгі болса, маған отыз күнтізбелік күннің ішінде құжаттарымды тапсырмағаным үшін айыппұл салуы мүмкін бе?
Жауап: Тұрақты тұру орнына шығу рәсімі рәсімделуі немесе рәсімделмеуіне қарамастан, отыз күнтізбелік күннің ішінде шетелдік азаматтықты алу жайты туралы хабарламау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеп соқтырады.
Сұрақ: ҚР ІІМ органдары Ресей азаматтығын алғаным туралы уақытылы хабарламағаным үшін маған айыппұл салды. Айыппұлды төлемеу мақсатында Консулдық бөлімге паспортым мен жеке куәлігімді тапсыра аламын ба?
Жауап: Консулдық бөлімде ҚР азаматтынын жоғалтуды тіркеу Сізді айыппұл төлеуден босатпайды.
Сұрақ: Мен РФ азаматтығын алдым. ҚР паспортымен не істеуім қажет? Құжаттар тізімін қайдан көрсем болады?
Жауап: Консулдық округтарға бөлінуге сәйкес Сіз тиісті ҚР шетелдік мекемесіне ҚР азаматтығын жоғалтуды тіркеу мәселесі бойынша жүгінуіңіз қажет – http://kazembassy.ru/rus/konsulstvo/kons_uchr/. Құжаттар тізімімен танысыңыз: http://kazembassy.ru/rus/konsulstvo/novosti_konsulstvo/?cid=0&rid=1639.
Сұрақ: Жұбайым барлық отбасы мүшелері атынан ҚР азаматтығын жоғалтуды рәсімдеу үшін ҚР паспорттарын тапсыра ала ма? Әлде әр отбасы мүшесінің болу міндетті ме?
Жауап: ҚР азаматтығын жоғалтуды түіркеу үшңн құжаттар мен ҚР паспортын нотариалдық куәландырылған сенімхат пен қажетті құжаттар топтамасы болған жағдайда: http://kazembassy.ru/rus/konsulstvo/novosti_konsulstvo/?cid=0&rid=1639, сенімді тұлға арықылы тапсыруға болады.
ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТЫҒЫН РАСТАУ ЖӘНЕ ЖЕКЕ БАСЫН АНЫҚТАУ СҰРАҚТАРЫ
Сұрақ: Мен Ресей азаматымын. Консулдық бөлім маған Қазақстан Республикасының азаматтығым жоқ екені туралы анықтама бере ала ма? Себебі мен Ресей мемлекеттік қызметіне орналысып жатырмын.
Жауап: Консулдық бөлім жеке куәлігін растайтын құжатсыз тұлғаларға немесе 1974 ж. үлгідегі паспортты болған жағдайда, Қазақстан азаматтығына қатыстылығын анықтайды. Ол үшін азамат Консулдық бөлімге полициядан жеке басын анықтау туралы анықтама ұсынуы қажет.
Сұрақ: Қалайша ресейлік азамат Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқтығы туралы анықтаманы ала алады?
Жауап: Анықтама РФ әділет мекемелері арқылы немесе Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияның (Минск қ., 22.01.1993 ж.) негізінде дипломатиялық арналарсыз РФ ІІМ арқылы Қазақстаннан сұратылады. Бұнымен қоса, Қазақстанда бұдан бұрын тұрған орныңыздың ішкі істер органдарына жүгініп, аталған анықтаманы өзіңіз алуға құқығыңыз бар.
Сұрақ: Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқтығы туралы анықтаманы алу жөніндегі РФ әділет мекемелерінің немесе РФ ішкі істер органдарының сұраулары қайда жолданады?
Жауап: Арызданушының Қазақстанда соңғы тұрған орны бойынша облыстардың, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларының Полиция департаменттері Көші-қон қызметі басқармаларына.
Сұрақ: Ресейде тұрақты мекендеу фактін қандай құжаттар растайды?
Жауап: РФ аумағында тұру фактін растайтын сот шешімі, тіркеу есебіне қою туралы ішкі істер органдарының құжаттары.
Сұрақ: Құжаттар/паспорт болмаса, жеке басты қалай анықтауға (куәландыруға) болады?
Жауап: Көші-қон мәселелері жөніндегі РФ ІІМ территориалдық органдары жеке басын анықтау туралы тұжырым әзірлеп, ҚР Елшілігіне бару үшін анықтама береді.
ҚҰЖАТТАНДЫРУ СҰРАҚТАРЫ
Сұрақ: Мен Ресейде Қазақстан паспорты мен жеке куәлігімді жоғалтып алдым. Не істеуім қажет?
Жауап: Құжаттарды жоғалтқан жағдайда, Қазақстан Республикасына қайтуға арналған куәлікті рәсімдеу үшін жақын жердегі Қазақстанның Ресейдегі шетелдік мекемесіне келуіңіз тиіс. Өзіңізбен бірге полициядан жоғалту туралы талон, 3,5*4,5 3 фото, сондай-ақ жоғаллған құжаттың көшірмесі (болған жағдайда) болу қажет. Миграциялық карта немесе үзбелі талонды жоғалтқан жағдайда, Сіз РФ ІІМ КҚМ органдарына баруыңыз тиіс.
Сұрақ: Жаңа паспортты (ескісінің мерзімі аяқталған соң) алу кезінде ескі паспортты қай негізде өзімде қалдыра аламын?
Жауап: Қазақстан Республикасының заңнамасында Қазақстан Республикасының азаматында тек іс жүзіндегі паспорт болуы мүмкін деп қатаң түрде қарастырылған. Мерзімі аяқталған ҚР паспортын азаматтың сақтауына заңнамамен жол берілмейді. Мерзімі біткен паспортта іс жүзіндегі шетелдік виза болған жағдайда, ол тек шетелге шығу мерзіміне ғана иесінде қалуы мүмкін, содаң соң тапсырылады.
Сұрақ: Паспортты ауыстыру кезінде егер мерзімі аяқталмаған жеке куәлігім болса, маған айыппұл салына ма? Егер салынса, қай көлемде?
Жауап: Іс жүзіндегі заңнама бойынша ескі паспорт мерзімінің аяқталғанына орай ҚР жаңа паспортын рәсімдеу үшін мезгілсіз өтініш үшін айыппұл қарастырылмаған.
Сұрақ: Мен Ресейдемін, жақын уақытта паспортымның мерзімі аяқталады. ҚР консулдық мекемесі арқылы жаңа паспорт рәсімдей аламын ба?
Жауап: Қазақстан Республикасының Ережелеріне сәйкес (ҚР Ішкі істер министрінің 2016 ж. 31 мамырдағы №583 бұйрығы) Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері қазақстандық паспорттарды рәсімдеу үшін ҚР азаматтарының келесі санаттарынан қабылдайды: Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын (белгіленген тәртіпте тұрақты тұруға рұқсат рәсімдеген); РФ оқу орындарында күндізгі бөлімде білім алып жатқандар; РФ аумағында бір жылдан артық еңбек шарты бойынша еңбек қызметін атқаратындар; аталған тұлғалармен бірге тұратын отбасы мүшелері (балалары, жұбайы).
Сұрақ: Жаңа қазақстандық паспортты рәсімдеу үшін құжаттар тапсырдым. Құжаттың дайындығы туралы білуіме болады?
Жауап: Сізге өтінішіңізде көрсетілген нөмір бойынша ҚР ІІМ-нен паспортыңыз келген соң Консулдық бөлім қызметкерлері хабарлайтын болады.
Сұрақ: Менің балам Ресейде туылып, тіркелген, туу туралы куәлігі де ресейлік. Жұбаймыз екеуміз Қазақстан азаматтарымыз. Егер баламыз ҚР азаматы болса, паспортты қалай рәсімдеуге болады?
Жауап: «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР Заңына сәйкес егер ата-анасының екеуі де Қазақстан азаматтары болса, баланың туу орнына байланыссыз, ол Қазақстан азаматы болып табылады. Сіз балаңызға ҚР азаматының паспортын рәсімдеу аласыз – http://kazembassy.ru/rus/konsulstvo/novosti_konsulstvo/?cid=0&rid=1716.
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ата-анасының қазақстандық паспортына бала туралы жазбаны енгізу болмайды.
Сұрақ: Ресейде тұрақты тұруға қалуды жоспарлап отырмын. Консулдық есепке тұруым қажет пе?
Жауап: Егер Қазақстан азаматы Ресейге тұрақты тұруға шықса, ол тұрақты консулдық есепте тұруы қажет. Сонымен қатар, тұрақты консулдық есепке қою туралы паспортқа қосымша парақ беріледі.
Егер Қазақстан азаматы уақытша оқуға немесе жұмысқа келсе, оған уақытша консулдық есепке тұру қажет. Талап бойынша тиісті консулдық анықтама беріледі. Консулдық есепке қою консулдық алым алынбайды.
ШЕКАРАНЫ ӨТУ ЖӘНЕ РЕСЕЙДЕ БОЛУ СҰРАҚТАРЫ
Сұрақ: Ресей аумағында уақытша тұратын Қазақстан азаматына тұру орны бойынша тіркелу қажет пе?
Жауап: 2012 жылғы 7 маусымдағы Азаматтардың болу тәртібі туралы екіжақты келісімге сәйкес, ҚР азаматтары 30 күннің ішінде РФ құзыретті органдарында тіркелу (тұру орны бойынша есепке қою) міндетінен босатылады. Уақытша болу мерзімі шекара бақылау органдарының миграциялық картада келу датасын растайтын белгі қойғаннан есептеледі. Болу 30 күннен асқан жағдайда, ҚР азаматы Ресейдің құзырлы органдарында тіркелуге міндетті.
Сұрақ: Қазақстан Республикасының азаматы жеке басын куәландыратын қандай құжаттың негізінде Ресей Федерациясына келе алады?
Жауап: 2000 жылғы 30 қарашадағы Азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімнің ережелеріне сәйкес Қазақстан азаматтары ҚР азаматының паспорты, ҚР дипломаттық паспорты, ҚР қызметтiк паспорты, ҚР азаматының жеке куәлiгi, ҚР азаматының уақытша жеке куәлiгi, Туу туралы куәлiгі (16 жасқа толмаған балалар үшiн), ҚР оралуға арналған куәлiгі, теңiзшiнiң паспорты (кеме журналында жазбасы немесе одан көшiрмесi болған жағдайда), әуе кемесi экипажы мүшесiнiң ұшу куәлiгi (ұшу тапсырмасында жазба болған жағдайда), темiржол көлiгi қызметкерiнiң жеке куәлiгi (поезд бригадасы құрамындағы жол жүруi кезiнде), іссапар куәлiгi, нұсқама немесе демалыс куәлiгi болған жағдайда, жеке куәлiк, әскери қызметтi өткерiп жатқан әскери қызметкердiң әскери билетi бойынша Ресейге келуiне, кетуiне, болуына, жүрiп-тұруына және транзиттiк жол жүруiне құқығы бар.
Сұрақ: Егер Ресейде уақытша болсам, Қазақстан Республикасына физа рәсімдей аламын ба? РФ-те ыхтиярхатты рәсімдемегенмін.
Жауап: Визаны беру орны виза алушының азаматтық консулдық округына сәйкес немесе келесі талаптардың бірімен анықталады: болу елінде тұрақты тұруға рұқсат; іскерлік немесе инвестициялық мақсатта ұзақ болуға, қызмет атқаруға, білім алуға, емделуге рұқсат.
Сұрақ: Қазақстан Республикасына келу үшін шетелдік паспорттың мерзіміне қатысты шектеулер бар ма?
Жауап: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібіне сәйкес визаның қолданылу мерзімі көшіп келуші паспортының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш ай бұрын аяқталады. Сонымен қатар, паспорттарында белгі өою жолымен паспорттары (мерзімі) ұзартылған шетел азаматтары ҚР мемлекеттік шекарасынан өткізілмейді.
Сұрақ: Қазақстан арқылы транзитпен өтетін шетелдіктерге виза ресімдеу қажет пе?
Жауап: Іс жүзіндегі ҚР заңнамасына сәйкес азақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуі және Қазақстан Республикасынан кетуі үшін Қазақстан Республикасының транзиттік визалары ресімделеді. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жол жүруіне, оларда үшінші елге кіру үшін жарамды құжаттар (визалар) болған жағдайда, бес тәуліктен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі.
СҰРАТЫП АЛУ СҰРАҚТАРЫ
Сұрақ: Қайтыс болған ата-анаға туу туралы куәлікті сұратып ала алмасам, аталған фактіні растайтын қандай құжатты сұратып ала аламын?
Жауап: Бұндай жағдайда туу туралы анықтаманы (актілік жазбадан үзінді) сұратып алуға болады.
Сұрақ: РФ азаматы Консулдық бөлім арқылы құжаттар сұратып ала ала ма?
Жауап: Консулдық бөлім арқылы «апостиль» белгісі бар құжатты сұратып ала аласыз. Бар қалған жағдайларда, «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенциясының» (Минск қ., 1993 ж. 22 қаңтар) талаптарына сай Қазақстаннан тікелей құжаттарды сұратып алу үшін Ресейдегі тіркелу орны бойынша әділет органдары, соның ішінде АХАЖ органдарына жүгіну қажет.
Сұрақ: Некені бұзу туралы куәлікті алммаса, ертеректе неке қиылғанын растайтын қандай құжатты сұратып ала аламын?
Жауап: Бұндай жағдайда Сіз ертеректе тіркелген неке туралы анықтаманы (актілік жазбадан үзінді) сұратып ала аласыз.
Сұрақ: Қазақстан Республикасының облыстары, қалалары аттарының өзгеруі туралы анықтама алу үшін Консулдық бөлімге қандай ұсыну қажет?
Жауап: Мәтіннің басқаша оқылуы бар паспорт пен құжаттардың көшірмелері, арыз.