Қазақстан Республикасының
Қазан қаласындағы
Бас консулдығы
Консулдық бөлім мекен-жайы
Қазан қ. Карл Маркс, 8/13
Азаматтарды қабылдау кестесі
ДC,СБ,СБ,Жұма 9: 30-12: 30
Онлайн брондау
Русский
Қазақ тілі
    • Бейнетоптама
    • Өмірбаян
    • Фотогалерея
    • Жалпы ақпарат
    • Басты және жоғары деңгейдегі екіжақты байланыс
    • Экономикалық ынтымақтастық
    • Мәдени-әлеуметтік ынтымақтастық
    • Инвесторлар мен серіктестерге арналған ақпарат
    • Шарттық дерекқор
    • Қазақстанға виза алу
    • Азаматтық
    • Ресейге кіру және мекендеу ережесі
    • Құжаттама
    • РФ-дағы ҚР-ның азаматтарын консулдық есепке алу
    • Ресейге кіру тәртібі
    • Қазақстанның азаматтарына арналған ақпарат
    • Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мен регламенттері
  • Байланыстар
Консулдық бөлім мекен-жайы
Қазан қ. Карл Маркс, 8/13
Азаматтарды қабылдау кестесі
ДC,СБ,СБ,Жұма 9: 30-12: 30
Онлайн брондау
Русский
Қазақ тілі
  • Елші
    • Бейнетоптама
    • Өмірбаян
    • Фотогалерея
  • Бас консулдық
    • Жалпы ақпарат
  • Екіжақты ынтымақтастық
    • Жалпы ақпарат
    • Басты және жоғары деңгейдегі екіжақты байланыс
    • Экономикалық ынтымақтастық
    • Мәдени-әлеуметтік ынтымақтастық
    • Инвесторлар мен серіктестерге арналған ақпарат
    • Шарттық дерекқор
  • Консулдық мәселелер
    • Қазақстанға виза алу
    • Азаматтық
    • Ресейге кіру және мекендеу ережесі
    • Құжаттама
    • РФ-дағы ҚР-ның азаматтарын консулдық есепке алу
    • Ресейге кіру тәртібі
    • Қазақстанның азаматтарына арналған ақпарат
    • Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мен регламенттері
  • Байланыстар
Generic selectors
Exact matches only
Search in title
Search in content
Post Type Selectors
Мәскеуде Қазақстан Парламенті Мәжілісіне сайлаудың қорытындысы талқыланды

Мәскеуде Қазақстан Парламенті Мәжілісіне сайлаудың қорытындысы талқыланды

2023-03-20 21:20:00

Бүгін Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінде ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлау қорытындысы бойынша Мемлекеттік Дума депутаттарының, белгілі ресейлік ғалымдардың, сарапшылар мен саясаттанушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Отырысты ашқан Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев сайлау жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталды. Атап айтқанда, парламент 2004 жылдан бері алғаш рет ішінара мажоритарлық жүйе бойынша жасақталады. Ол өткен сайлау елдегі үлкен өзгерістердің маңызды бөлігі болып табылатынын, бір жылдан аз уақыт ішінде мемлекеттік және қоғамдық өмірде бұрын-соңды болмаған ауқымды қайта құрулар жүзеге асырылғанын атап өтті. Оның айтуынша, сайлау қорытындысы бойынша қазақстандықтар жаңа парламентті көреді, ол шын мәнінде қызу пікірталастар жүргізілетін биліктің инклюзивті өкілді органы болады.

Мемлекеттік Думаның депутаты, Ақпараттық саясат, ақпараттық технологиялар және коммуникациялар комитетінің мүшесі Антон Ткачев саяси платформасы ресейлік “Новые люди” партиясына көп жағынан ұқсас “Республика” партиясының жоғары нәтижелеріне назар аударды. “Жастар Парламентке сыни тұрғыдан да, ұсыныспен де келеді. Мен жастық батыл қадам пайдалы шешімдерге әкелетініне сенімдімін”, – деп атап өтті депутат. Сонымен қатар, Қазақстан-Ресей парламентаралық ынтымақтастығын одан әрі жандандыруға үміт білдірді.

Бұл пікірді ресейлік өнертанушы, мәдениет менеджері Камила Байділдина қолдау көрсетті. Оның пікірінше, “Республика” партиясының жетістігі азаматтардың өзгерістерге деген ұмтылысын, сайланған депутаттармен бірге жаңа прогрессивті әрекеттердің болатынын көрсетеді.

Ал, “Ауыл” партиясының жетістігін Ресей ғылым академиясының Қытай және қазіргі Азия институтының Әлемдік саясат және стратегиялық талдау орталығының ғылыми қызметкері Александра Перминова қозғады. “Ауылдың” жергілікті партия ретіндегі рөлі Қазақстан үшін өңірлік саясаттың жаңа мәнге ие болып келе жатқанының көрсеткіші”, – деді сарапшы. Осыған байланысты, ол пандемиядан кейінгі кезеңде шекаралардың ашылуымен жаңа серпін алған Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастық пен өндірістік кооперацияның өсуін күтетінін айтты.

Тақырыпты РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының Н.Н.Ливенцев атындағы халықаралық экономикалық қатынастар және сыртқы экономикалық байланыстар кафедрасының профессоры Игорь Филькевич жалғастырды. Оның айтуынша, өткен Мәжіліс сайлауы Қазақстанда алдағы жылдары елде қайта құрулар өткізетін өте қызықты партиялар тобының құрылғанын айғақтайды. Ол жаңа сайланған депутаттар Қазақстанның одан әрі табысты дамуына, оның Ресеймен одақтастық және әріптестік қарым-қатынастарына күш салатынына сенім білдірді.

Дипломатиялық қызмет ардагері, РФ Орталық сайлау комиссиясы төрағасының бұрынғы орынбасары Владимир Грачев Қазақстан халқын сайлаудың сәтті өтуімен құттықтап, Мәжілісте жаңа тұлғалардың пайда болғанын оң деп бағалады. Олардың келуімен Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы бұдан да жоғары деңгейге көтерілуі мүмкін екендігін атап өтті.

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Посткеңестік кеңістіктегі қоғамдық-саяси үдерістерді зерттеу ақпараттық-сараптамалық орталығының директоры Дарья Чижова бұл сайлауды бір жылға жуық уақытқа созылған сайлау циклінің нүктесідеп атады. “Науқанның өзі өте қызықты өтті. Барлық қатысушыларға өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік берілді. Мажоритарлық жүйенің оралуының арқасында біз әртүрлі, көбінесе полярлық пікірлердің кең ауқымын көрдік”, – деді ол.

Осы пікірге “Минченко Консалтинг” коммуникациялар холдингінің талдау бөлімінің басшысы Кирилл Петров қосылды. “Партиялар саны артты. Саяси көзқарастардың өкілдігі кеңейді. Осы тұрғыда, науқанның нәтижесінде Қазақстан егемендік плюрализмге жетті деп айта аламыз”, – деді сарапшы.

Қорытындылай келе, дөңгелек үстелге қатысушылар халық сенімінің жаңа мандаты Мәжіліске ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құруларды жалғастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Олардың негізгі мақсаты елді одан әрі демократияландыру, азаматтардың, бизнестің, мемлекеттің мүдделері мен әл-ауқатының теңгеріміне және ел ресурстарын тиімді пайдалануға негізделген экономика құру, әлеуметтік мәселелерді шешу, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру болмақ.

2023-06-04 10:00:00
Бүгін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері Күні
2023-05-31 10:00:00
Біз ауыр сынаққа төтеп берген, ұлт бірлігін сақтап қалған ата-бабамыздың үмітін ақтауымыз қажет – Президент
2023-05-26 15:30:00
Қазанда «Еуразия қалалары және жаһандық трендтер» форумы өтті
2023-05-25 18:30:00
Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты
2023-05-25 18:00:00
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты
2023-05-25 13:00:00
Мемлекет басшысы ІІ Еуразиялық экономикалық форумға қатысты
Больше новостей

Мемлекеттік органдар
akorda.kz
ҚР Президентінің ресми сайты
mfa.gov.kz
ҚР СIM ресми сайты
government.kz
ҚР Үкіметінің ресми сайты
kazembassy.ru
ҚР Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты
  • Елші
  • Бас консулдық
  • Екіжақты ынтымақтастық
  • Консулдық мәселелер
  • Байланыстар
8 843 202-05-92 kazan@mfa.kz
Қазан, 2015 қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы