Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде “Пирамидада” XVII Қазан мұсылман киносы кинофестивалінің жабылуы өтті.
Салтанатты шараға Татарстан Республикасы премьер-Министрінің орынбасары, Дүниежүзілік татарлар конгресі “Милли Шура” кеңесінің төрағасы, фестивальді ұйымдастыру комитетінің төрағасы Василь Шайхразиев қатысты.
Рәсімге сондай-ақ ТР Мәдениет министрі Ирада Аюпова, ТР мүфтиінің бірінші орынбасары ильфар хазрат Хасанов және Бас консулдықтың бірінші хатшысы Ілияс Тұрсынбаев қатысты.
“18 килогерц” картинасын түсірген қазақстандық оператор Александр Плотников “үздік операторлық жұмыс”номинациясы бойынша марапатқа ие болды.
“үздік толықметражды фильм” XVII кинофестивалінің бас жүлдесін қазақстандық “18 килогерц” фильмі жеңіп алды, режиссер Фархат Шәріпов. Режиссер мен осы картинаның қатысушылары қазанға келе алмады, осыған байланысты қазандағы ҚР Бас консулдығы өз отандастары үшін жүлдені қабылдау құрметіне ие болды.
Бұл кинофестивальге Қазақстаннан бөлек 50-ден астам елдердің картиналары қатысқан болатын,соның ішінде Ресей, Франция, Испания, Түркия, Иран, Израиль , Египет, Үндістан, Әзірбайжан, Өзбекстан ,Тәжікстан, Қырғызстан