Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев ГУЛАГ тарихы мұражайында болды.
Экспозицияны қарау және музей басшылығымен әңгімелесу барысында Елші ГУЛАГ-тың 36 лагерінің 11-і Қазақ КСР аумағында болғанын, оның ішінде АЛЖИР, Степлаг, Карлаг – ГУЛАГ құрылымының ең ірі лагерлері болғанын атап өтті. Қуғын-сүргін жылдары 5 миллионнан астам адам Қазақстан лагерьлеріне жер аударылды.
Дәурен Абаев қазақ халқы саяси қуғын-сүргін құрбандарын құрметпен еске алатындығын атап өтті. 31 мамырда Қазақстанда жыл сайын саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Тарих оқулықтарында зұлмат жылдар туралы айтылады, кітаптар шығарылады, фильмдер түсіріледі, қалалар мен ауылдарда мемориалдық стелалар орнатылады, мұражайларда тиісті экспозициялар ұйымдастырылады. Мұның бәрі қоғамның бейбіт эволюциялық дамудың құндылығын сезінуі және мұндай оқиғалардың қайталануына ешқашан жол бермеуі үшін өте маңызды екендігін атап өтті.
Сондай-ақ Д.Абаев пен Р.Романов арасындағы кездесуде бірлескен жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Мұражаймен бірге Степлаг тұтқындары жасаған бірегей кескіндеме фрагменттерін сақтау жобасы жүзеге асырылды. Бұрынғы КСРО аумағында 1950 жылдардағы мұндай қабырға суреттерінің баламалары әлі табылған жоқ. Ал, 2021 жылы мұражайда қазақстандық мемориалдық аймағы бар Еске алу бағы ашылды.