РФ Үкіметінің 20.09.2020 ж. №2406-р өкімімен Қазақстан азаматтары мен ҚР-да тұруға ықтиярхаттары бар азаматтарға Ресейге шектеусіз, БІРАҚ ТЕК ӘУЕ ӨТКІЗУ ПУНКТТЕРІ АРҚЫЛЫ ҒАНА және ТЕК ҚАЗАҚСТАННАН ШЫҒАТЫН ӘУЕ РЕЙСТЕРІМЕН ҒАНА ҮШІНШІ ЕЛДЕР АРҚЫЛЫ ТРАНЗИТСІЗ кіруге рұқсат етіледі.
Құрлықтық шекарада одан өту жөніндегі бұрынғы шектеулер сақталады.
Ресейге ұшып келушілер шекарада коронавирусқа тексерілгені туралы ПТР талдаудың теріс нәтижесі жөніндегі, тексерілу күні рейстің ұшуынан кемінде 72 сағаттан ерте емес болып табылатын анықтаманы көрсетуі тиіс. Ұшу кезінде сонымен қатар борттағы жолсеріктер ұсынған сауалнаманы толтыру қажет.
Ресей азаматтары, өз кезегінде, Қазақстанға шектеусіз ұшып шыға алады және олар да шекарада кронавирусқа тексерілгені туралы ПТР талдаудың теріс нәтижесі жөнінде келуге дейін кемінде бес тәуліктен ерте емес жасалған анықтаманы көрсетулері тиіс.
Ұшу кестесі мен авиабилеттердің құнын әуе тасымалдаушыларының сайтынан нақтылауды өтінеміз.