Қазан, 2024 жылғы 9 ақпан – Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері бойынша Қазақстан-Татарстан жұмыс тобының IV отырысына қатысты.
Отырыста Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, Татарстан делегациясын Татарстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Татарстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрі Олег Коробченко басқарды.
Отырыста экономиканың түрлі секторларындағы Қазақстан-Татарстан ынтымақтастығы мәселелері бойынша мүдделі министрліктер мен ведомстволар өкілдерінің ұсыныстары тыңдалды. Отырысқа қатысушылар өнеркәсіп, инвестициялар, мұнай-газ саласы, байланыс және ақпараттық технологиялар, ғылым, білім және мәдениет сияқты екі республика үшін басым бағыттар бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелеріне үлкен көңіл бөлді. Мамандарды оқыту, ведомствоаралық ынтымақтастық және делегациялардың Қазақстан мен Ресейде өткізілетін халықаралық іс-шараларға қатысуы салаларындағы мемлекетаралық өзара іс-қимылға қатысты мәселелерді талқылау тараптардың назарын аударды.
Отырыс соңында қатысушылар тараптардың жоғары өзара іс-қимылын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдіріп, ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Жол картасына қол қоюды ұсынды.