Ульяновск, 2024 жылғы 19 қаңтар – Симбирск өлкесі күні мен Ульяновск облысының құрылғанына 81 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов өлке Губернаторы Алексей Русскихпен кездесу өткізді.
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Ульяновск облысы арасында делегациялар алмасудың белсенді қарқынын, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың үдемелі дамуын атап өтті.
Қазақстандық дипломат еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың, 2024 жылы өткізілетін өкілді саммиттер мен форумдардың іске асырылуы туралы хабардар етті. Екіжақты қарым-қатынастарды дамыту перспективасы бар екенін, әлеуеті таусылмағанын атап өтті. Атап айтқанда, экспорттық позициялардың 2,3 есе өскені ынталандырушы фактор болуы мүмкін. Бас консулдықтың жоспарында өңіраралық өзара іс-қимылды дамытуға ықпал ететін Ульяновск қаласында Қазақстан Республикасының құрметті консулының кеңсесін ашу.
Өз кезегінде А. Русских серіктестік қатынастарды дамытуға өзара қызығушылық танытып, ынтымақтастық спектрін кеңейту ниетін білдірді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ульяновск облысымен сыртқы сауда айналымының көлемі тауар айналымының жалпы көлемінің 10,0% құрады және Қазақстан өңірдің шетелдік серіктесі ретінде екінші орында. Негізгі экспорттық позициялар – жер үсті көлігі құралдары, реакторлар, қазандықтар және олардың бөліктері, жиһаз, пластмасса, гипстен, цементтен жасалған бұйымдар және т. б. Ульяновск облысы білім беру саласында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға мүдделі, онда Қазақстанның 36-ға жуық студенті оқиды.
Сонымен қатар, дипломат губернатордың атынан Симбирск өлкесінің күнін және Ульяновск облысының құрылғанына 81 жыл толуын мерекелеуге қатысты.