Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тіледі.
“Қазіргідей сәтте достық ниетпен шын жүректен қолдағым келеді. Өмірге деген құлшынысыңыз аз уақыт ішінде вирусты жеңіп шығатынына сенімдімін. Тезірек сауығып кетуіңізді және ұзақ өмір сүруіңізді тілеймін”, – делінген хабарламада.