Үстіміздегі жылдың 25 мамырынан 25 шілдесіне дейін Ресейде футболдан Әлем чемпионатының өтуіне орай, Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Сочи, Волгоград, Екатеринбург, Калининград, Нижний Новгород, Дондағы Ростов, Самара және Саранск қалаларында шетел азаматтарын тіркеудің ерекше ережелері қолданылады.
2018 жылдың 25 мамырдан бастап Қазақстаннан Ресейге келген азаматтар үш тәуліктің ішінде тіркелуі шарт.
Осы ережелер Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Сочи, Волгоград, Екатеринбург, Калининград, Нижний Новгород, Дондағы Ростов, Самара және Саранск қалаларына барған шетел азаматтарына ғана тиесілі.
Қонақүйлерде, шипажайларда, демалыс үйлері немесе басқа да орындарында уақытша тұратын Қазақстан азаматтарының тіркелуіне қабылдаушы тарап (қонақүй, санаторий, т.б. әкімшілігі) жауапты.